855
Семейде ірі сауда үйі өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Семейде Засядько көшесіндегі сауда үйі өртеніп жатыр. Бұл туралы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Қызыл жалынның шығу себебі мен алдын ала аумақ анықталуда.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер эскалатор аймағында бірінші қабатта бутиктер жанып, екінші қабаттың үй-жайларына жайылып жатқанын анықтады.
Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын түсіндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен алдын ала орын анықталуда, - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 196 адамы мен 36 техника жұмылдырылды.