«Арманымды орындағым келді»: ресейлік балуан Қазақтанға не үшін ауысқанын айтты

Ол 2019 жылы Ресей және Еуропа чемпионатының жүлдегері атанған, U23 әлем чемпионы.

«Арманымды орындағым келді»: ресейлік балуан Қазақтанға не үшін ауысқанын айтты
bassport.kz
2474

Астанадағы еркін күрестен Қазақстан чемпионатында Шымкент қаласының атынан экс-ресейлік Начын Куулар күресті. 28-жасар Тыва республикасының тумасымен Sport Plus Qazaqstan тілшісі әңгімелесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Балуанның айтуынша, ол Қазақстан азаматтығын алып үлгерген. 

«Қазақстанға келгеніме 1,5 жылдай уақыт болды. Бірақ азаматтықты тек 2023 жылдың желтоқсанында алдым. Шымкент қаласының атынан күресемін, негізінен осы қала мен Алматыда жаттықтым. Қазақ тілін үйреніп жүрмін, менің ана тіліммен 60% ұқсас екен. Жалпы бәріміз бір түркі халқы болғандықтан, мәдениет пен дәстүрде де ортақ тұстар байқадым. Мақсатым - басқа елге көшіп, спорттық мансабымды жалғастыру болды. Бастапқыда Өзбекстанды қарастырдық, бірақ кейін әртүрлі себептермен таңдауымыз Қазақстанға түсті. Қазақстан чемпионатында жақсы белдесулер өткіздім, чемпион атанған маңғыстаулық Майс Әлиевтің күресі ұнады. Бар болғаны 20 жаста, болашағы бар балуан деп білемін. 65 келі салмақ дәрежесінде Қазақстанға олимпиадалық жолдама алу оңайға соқпайды. Дәулет Ниязбековтен кейін жарқын өкілі болмады бұл салмақтың. Бір жағынан олимпиадалық арманымды жүзеге асыруға Қазақстанды таңдағаныма да сол себеп болды. Астанадағы жарыста барша жанкүйердің қазақ балуанын қолдағанын сездім және ол түсінікті жағдай. Күресте жүргеніме көп жыл болды, боз кілемдегі іс-әрекеттіме ғана мән беруді үйрендім. Қазақ халқына тек сыйластықпен қараймын», - деді Начын.

Начын Куулар 2019 жылы Ресей және Еуропа чемпионатының жүлдегері атанған, U23 әлем чемпионы. 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.

 

Серіктес жаңалықтары