2044
БҚО-да мектеп оқушысы оқ жарақатын алды
Оқушысы ағасымен бірге аңға шыққан.
БҚО-да 11-сынып оқушысы ағасымен бірге аң аулауға барып, оған мылтық атылып кеткен. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Nur.kz сайтының дерегінше, оқиға Ақжайық ауданында болған.
Батыс Қазақстан полиция департаменті 30 жастағы ер адамның абайсызда оқушыны атып алғанын хабарлады. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.
Қылмыстық кодекстің 114-бабы (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Аудандық білім бөлімі 3 ақпанда 17 жастағы 11-сынып оқушысы ағасымен бірге аңға шыққанын мәлім етті. Сол жерде оқушы жарақат алды.
«Қалай болғанын білмейміз, бірақ атылған соң оқ көзіне, бетіне және мойнына тиген. Оқушы тірі. Ата-анасының шағымы жоқ», - деп хабарлады білім бөлімінен.