Қызылордада киік етін сатқан тұрғын ұсталды

Қызылордада «Браконьер» іс-шарасы барысында киік етін сатып тұрған қала тұрғыны ұсталды.

Қызылордада киік етін сатқан тұрғын ұсталды
Қызылорда қаласы ПД
1086

Қызылорда қаласында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл мақсатта арнайы Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан мобильдік топ құрылған.

«​Іс-шара барысында табиғатты қорғау инспекторы бағыт-бағдар аралау барысында Абай даңғылы көшесінің бойында дүңгіршектің жанында киік еті сатылып жатқанын анықтады. Айғақ зат тәркіленді. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қызылорда қаласы Полиция департаментінің аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеті ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Серіктес жаңалықтары