Елімізде дабыл жүйесі іске қосылады

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырады.

Елімізде дабыл жүйесі іске қосылады
qyzylqoga.kz
881

8 ақпанда Астана уақытымен сағат 12:55-те республика бойынша халықты құлақтандыру сиреналары іске қосылады, деп хабарлады turkystan.kz.

«8-9 ақпанда елімізде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді», – делінген Төтенше жағдай министрлігінің хабарламасында.

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

Сонымен қатар, «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпан күні сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады.

Серіктес жаңалықтары