Қар, бұрқасын: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Ауа райының температурасы күрт төмендеп, аязға ұласады.

Қар, бұрқасын: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
egemen.kz
909

«Қазгидромет» РМК 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, елімізде қолайсыз ауа райын атмосфералық фронттар қалыптасуды жалғастыруда.

«Алдағы күндері Қазақстан кезекті Атлантика циклоны әкелетін атмосфералық фронттардың әсерін сезеді. Бұлтты ауа райы орнайды.  Еліміздің солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с күшейеді. Жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік аймақтарда қатты қар, бұрқасын болады деп болжануда», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар циклонның әсерінен ауа температурасы белгілі бір уақытта жылынады. Кейін ауа райының температурасы күрт төмендеп, аязға ұласады.

«10 ақпанға қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 12-20 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары