1041
Алматы әкімі шұғыл көшпелі кеңес өткізді
Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.
Қала әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы сапдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкіні болған жерге келді.
Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.
Басты басымдық - іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет, - деді Ерболат Досаев.
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адам тұратын.
Әкімнің тапсырмасы бойынша, оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.