Қайрат Сатылбалдыұлы мемлекетке тағы 44,6 млрд теңге қайтарды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.

Қайрат Сатылбалдыұлы мемлекетке тағы 44,6 млрд теңге қайтарды
ашық дереккөз
929

Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Кеңес барысында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істен соң 44,6 миллиар теңгенің қайтарылғаны айтылды. Қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Сондай-ақ бір жыл бұрын бизнесті қорғау жұмысы аясында "Бизнеске жол" жобасы іске қосылды. Ол жергілікті жерлерде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға арналған. Жоба іске қосылған сәттен бастап 600-ден астам проблемалық кейс шешіліп, 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілді.

"Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақытылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен байланысты екенін бәріміз білеміз”, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали.

Серіктес жаңалықтары