Әбілхайыр Тамабек Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Әбілхайыр Тамабек Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
primeminister.kz
3396

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.

Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында дүниеге келген. Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда кадрлар бөлімінің инспекторы болып бастаған.

2015-2020 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы, бас мемлекеттік инспекторы.

2022 жылы  Жер ресурстарын басқару департаментінің Жамбыл облысы бойынша басшысы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.

2022 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Серіктес жаңалықтары