Түркістан облысында жоғалған екі адамның біреуі өлі табылды

Іздеу жұмыстары ауа райының нашарлауымен қиындаған.

Түркістан облысында жоғалған екі адамның біреуі өлі табылды
Түркістан облысы ТЖД
1131

Түркістан облысында жоғалған екі адам табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

7 ақпанында 1975 және 1989 жылы туған екі адам Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындардың құрамында 48 адам және 4 бірлік техника, 2 пилотсыз ұшу аппараты (дрон) күштері мен құралдары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары ауа райының нашарлауымен қиындады (тұман, қар, екпінді жел, боран).

Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматтардың бірін Шинбұлақ ауылынан тірідей тапты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды, - делінген хабарламада.

Түркістан облысының ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болу қажет.

Серіктес жаңалықтары