94 жасқа келген Бибігүл Төлегенова қазіргі жағдайы туралы айтты

Өнер иесі «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

94 жасқа келген Бибігүл Төлегенова қазіргі жағдайы туралы айтты
ашық дереккөз
3670

Қазақтыың опера әншісі, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова жақында 94 жасқа толған.

«Қазақта «Бір күн - ауру, бір күн - сау. Таба алмадым дертін» деген мақал бар ғой. Денсаулығым қазір сол сияқты. Бүгін жақсымын. Көбіне үйде отырамын. Қазір далаға шыға алмаймын. Екі аяғым ауырады. Бірақ былай жаман емеспін, Құдайға шүкір. Тамағым да жақсы. Жағдайым да жаман емес.

Бір тал қызым бар - Гюзель. Екеуіміз бірге тұрамыз. Көбіне екеуіміз біргеміз. Сол қызым мені бағады, Құдайға шүкір. Қашан да болса, Гюзель жанымда», - деді берген сұхбатында Бибігүл Төлегенова.

Серіктес жаңалықтары