Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін боранда 18 шақырым жаяу жүрген

Құтқарушылар науқасты аурухана жеткізді.

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін боранда 18 шақырым жаяу жүрген
874

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауы бойынша авариялық құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция бөлімі, әскери бөлімдер және жергілікті атқарушы органдар, еріктілер  жұмылдырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мұғалжар ауданының құтқарушылары 18 шақырым бойы “Трэкол” жол талғамайтын көліктің алдына шығып жол көрсеткен болатын. 

Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түсті. Оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болды. "Трэколмен" шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені, қарға адым жерді көру мүмкін емес еді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз, - дейді қарауыл бастығы Ақдәулет Әли. 

Құтқарушылар науқасты аурухана жеткізді.

Серіктес жаңалықтары