Қазақстандықтар маска режиміне қайта оралады

Азаматтарға халық көп жиналатын орындарда бетперде кию ұсынылды.

Қазақстандықтар маска режиміне қайта оралады
smartik.ru
917

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту туралы тиісті Қаулыға қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Inform.kz агенттігінің мәліметінше, облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдарда персонал мен келушілердің медициналық маскаларды қолдануы, антисептиктердің болуы, COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

«Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына, орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға, халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол) медициналық немесе мата маскаларын пайдалануды ұсыну тапсырылды», — делінген Қаулыда.
 

Серіктес жаңалықтары