12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады

12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
baq.kz
1106

«Қазгидромет» 10 ақпанда елдің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с. 

Астанада түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. 

Ақмола облысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысында тұман, көктайғақ болады. 

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Жетісу облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары