Абай облысында боранда жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Бала 11 ақпан еүнң таңертең атпен үйден шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Абай облысында боранда жоғалып кеткен бала аман-есен табылды
Polisia.kz
968

Абай облысында полиция мен құтқарушылар атқа мініп, мал іздеп кеткен 8 жасар баланы іздеп тапты. 

11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар жүгінген.

Олар 2015 жылы туған ұлы Мерей Нұржанұлы Иманғалиды іздеуге көмек сұраған.

Бала таңертең атпен үйден шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Туыстарының айтуынша, сағат 10.00 шамасында 8 жасар бала мал іздеп атқа мінген. 

Кешке келмеген соң алаңдаған ата-анасы өз бетінше іздеп таппаған соң полицияға жүгінеді.

Баланы іздеу дереу басталды, 15 минуттың ішінде полиция бөлімінің бүкіл жеке құрамы көтерілді.

Полицейлерден бөлек еріктілер, жұртшылық және ауданның қамқор тұрғындары белсенді қатысты. 

Баланы іздеу жұмысын қолайсыз ауа райы да қиындатты. 

ТЖМ іздестіру-құтқару жұмысына барлығы 74 адам, екі дрон, 17 техника, 20 жылқы жұмылдырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, ТЖД қосымша күштері жіберілді.

Бүгін түнгі 00:00 шамасында бала аман табылды. Ол Аягөз қаласының шет жағынан табылған, еш жері үсімеген, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары