1222
Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Странджа кубогының чемпионы атанды
Ол 80 келі салмақта Қытай еліне халықаралық турнирдің алтын медалін сыйлады.
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогында Қытайда тұратын қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан чемпионы атанды.
Қандасымыз финалда болгариялық Кристиян Николовпен жұдырықтасып, қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.
Осылайша қазақ боксшысы 80 келі салмақта Қытай еліне халықаралық турнирдің алтын медалін сыйлады.
Осы салмақта қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда Таңатқаннан 3:2 есебімен ұтылып, қола медаль иесі атанған болатын.
Таңатқан - жазғы Азия ойындарының (2022) чемпионы, сонымен қатар әлем чемпионатының (2023) күміс жүлдегері. Токио Олимпиадасының қатысушысы. «Қытайдың бокс королі» атағының 2017, 2019, 2020 және 2021 жылдарғы төрт мәрте жеңімпазы.