Белгісіз береу Қарағандыдағы мектепте лаңкестік әрекет жасайтынын хабарлаған

Ата-аналар бұл жайтқа алаңдаушылық білдіріп жатыр.

Белгісіз береу Қарағандыдағы мектепте лаңкестік әрекет жасайтынын хабарлаған
pixabay
878

Қарағандыда белгісіз біреу мектептерде лаңкестік әрекет дайындалып жатқанын хабарлады. Барлық оқу орындарында күзет күшейтілді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Таңертеңнен әлеуметтік желілерде Қарағандыда лаңкестік әрекет жасаймын деп қауіп төндірген белгісіз адамның хабары тарап кетті. 

Ата-аналар бұл жайтқа алаңдаушылық білдіріп жатыр.

Хабарлама таратушы кем дегенде 700 оқушы зардап шегеді деп қорқытты. Полиция осы жағдайға түсінік берді.

«Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүріп жатыр. Оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылау және мектептардің маңында полиция нарядтарын ұлғайтуға ерекше назар аударылды», — деп хабарлады Қарағанды облысының ПД.


Осындай жалған хабарлама жыл басынан бері көрші мемлекет пен Қазақстанның бірқатар қаласында тарады.

Жуырда Ақтөбе мен Павлодарда әлдебіреулер мектепке барып, оқушыларға оқ жаудырамыз деп қорқытты. 

Полицейлердің айтуынша, бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға бағытталған.

Тәртіп сақшылары азаматтардан үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауды сұрайды.

Полиция департаменті аталмыш жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында деп сендірді.

Серіктес жаңалықтары