Павлодарда тәрбиеші ерекше баланы соққыға жыққан

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Павлодарда тәрбиеші ерекше баланы соққыға жыққан
Видеодан кадр
871

Павлодарда тәрбиеші ерекше баланы ұрған, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәлімітенші, тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Балаларды түзету орталықтарының бірінде қызметкер балаға дөрекілік көрсетіп отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Автордың айтуынша, қатыгездік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды. 

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидованың сөзінше, мекеменің тәрбиешісіне қатысты ҚР ҚК-нің 140-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша іс қозғалды. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары