Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

Қар көшкіні өздігінен түскен.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді
pixabay.com
992

Шығыс Қазақстан облысы Қатоқарағайда қар көшкіні жүрді, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша 13 ақпан күні сағат 09:30-да Катонқарағай ауданында «Өскемен-Рахман қайнары» Республикалық маңызды автожолының 437 шақырымында қардың көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты, қар көшкіні өздігінен түскен.

Төтенше оқиғадан зардап шеккендер  жоқ. Көшкін жолды толығымен жауып тастады. «КАЖсервис» жол қызметімен тазалау жұмыстары жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары