«Байер» клубының бас бапкері Месси мен Роналдудың қайсысы үздік екенін айтты

Алонсо кезінде Роналдумен бірге Мадридтің «Реалында» ойнаған.

«Байер» клубының бас бапкері Месси мен Роналдудың қайсысы үздік екенін айтты
vesti.kz
1018

Леверкузеннің «Байер» клубының бас бапкері Хаби Алонсо аргентиналық Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналду арасында үздігін атады, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.

Испаниялық маманның сөзіне қарағанда, екі футболшы да мықты, дегенмен ол Роналдуға басымдық береді.

«Месси мен Роналду – ұлы футболшылар. Бірақ мен үшін Криштиану – үздік», – деді Алонсо.

Айта кетейік, Алонсо кезінде Роналдумен бірге Мадридтің «Реалында» ойнаған. Қазір португалиялық Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайды. Ал Месси 2023 жылғы жаздан бері «Интер Майамидің» намысын қорғайды.

Серіктес жаңалықтары