Әли Оқапов әріптестеріне өкпесін білдірді

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әли Оқапов әріптестеріне өкпесін білдірді
instagram/aliokapov
2169

Танымал әнші Әли Оқапов желіде жазба жариялап, өнердегі әріптестеріне өкпесін жеткізді. Өнер иесі жақын араласатын жандардың жұмысқа келгенде жауапкершілікті ұмытып кететініне ренішін білдірді.

«Жақсы адам деген мамандық емес екен. Мен өзіммен қызметтес жандардың барлығымен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысамын. Бірақ осы достықтың кесірінен сол адамдар «Өзіміз ғой» деп маған келген жауапкершілікті ұмытып кетеді. Бұл маған мүлдем ұнамайды. Меніңше, «өзіміз ғой» дегендерге керісінше барлығын жақсы жағынан жасауға тырысу керек. Қысқасы, кейде қашықтық сақтап, қажет кезде талап ете білу керек екен. Бұл жай ғана бизнес», - деп жазды әнші.

 

Серіктес жаңалықтары