1217
Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаттарының қатарына қосылды
Бұл туралы Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов депутат ретінде ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді А. Қошмамбетов.
Сондай-ақ Айтуар Асқарұлы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.