1600
Сәтпаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады.
Антикор Сәтпаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір ұсталғанын мәлімдеді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды", - делінген агенттіктің хабарламасында.
Агенттік өзге ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.