660
Шымкентте ер адам өзін өртеп жібермек болды
Ер адам басындағы дауды осындай жолмен шешпек
Шымкентте ер адам үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жібермек болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Otyrar.kz сайтының мәліметінше, ол Жиделібайсын-Гагарин көшелерінің қиылысындағы «Шайгүл» тойханасының шатырына шыққан.
Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, жедел жәрдем және полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов келді.
Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, ер адам басындағы дауды осындай жолмен шешпек. Яғни, оған тиесілі тойхананы одан тартып алуға тырысып жатқан көрінеді.