1239
Алдағы күндері 38 градус аяз болады
Еліміздің басым бөлігінде аяз болады.
«Қазгидромет» РМК 15-17 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде аяз болады.
Арктикалық антициклон Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жылжиды және республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтып, аязды ауа райын әкеледі.
«15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын болжанады», – делінген хабарламада.
Ауа температурасы батыста түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін, 16 ақпанда шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 аязға дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 аязға дейін төмендейуі ықтимал.