Еліміздің 14 облысында 36 жол учаскесі жабылды

Бұл туралы ҚазАвтожолдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еліміздің 14 облысында 36 жол учаскесі жабылды
astanatv.kz
976

15 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында — 7 учаске (796 км)
Ақтөбе облысында — 5 учаске (696 км)
Алматы облсында — 1 учаске (84 км)
Атырау облысында — 1 учаске (9 км)
Шығыс Қазақстан облысында — 7 учаске (511 км)
Жамбыл облысында — 1 учаске (450 км)
Жетісу облысында — 1 учаске (100 км)
Қарағанды облысында — 1 учаске (48 км)
Қостанай облысында — 1 учаске (83 км)
Қызлорда облысында — 1 учаске (815 км)
Павлодар облысында — 1 учаске (263 км)
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 учаске (316 км)
Түркістан облысында — 2 учаске (283 км)
Ұлытау облысында — 2 учаске (438 км)

«Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 224 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған», — деп жазды ҚазАвтоЖолдан.

Серіктес жаңалықтары