1208
Алматыда тағы да жер сілкінді
Қала тұрғындарына жер асты дүмпуі 2 балл болып сезілген.
ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісімен бүгін сағат 9:52-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6. Магнитудасы - MPV 5.2. Тереңдігі - 5 км. Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды.