Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен әйелге іздеу жарияланды

Әйел 6 ақпанда үйден кеткен.

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен әйелге іздеу жарияланды
Ақмола облысы ПД
1003

Ақмола облысы ПД баспасөз мәліметінше, ақпанның 12-інде Марал Құттыбайқызы Әбуованың жоғалғаны туралы полицияға күйеуі келіп айтқан. 

Анықталғандай, әйел 6 ақпанда үйден кеткен, содан бері туыстарымен байланысқа шықпаған. Өзімен бірге алтын әшекейлерін ала кеткен.

«Өтініш түскен күннен бастап полиция жоғалған әйелмен қарым-қатынаста болғандарды анықтап, көруі мүмкін деген адамдар мен көршілерінен сұрастырды. Сонымен бірге ол тұрған үйдің аумағындағы, орталық саябақ пен теміржол маңындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Әзірге, әйелдің қайда екені белгісіз», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған әйелді көрген немесе орналасқан жерін білетін адамдар болса, дереу полицияға хабарласуын сұрайды. 

Серіктес жаңалықтары