Елордалық азамат той ұйымдастыруға уәде беріп, тұрғындарды алдап кеткен

Қазіргі уақытта басқа жәбірленушілер анықталып жатыр

Елордалық азамат той ұйымдастыруға уәде беріп, тұрғындарды алдап кеткен
polisia.kz
945

Елордалық азамат той ұйымдастыруға уәде беріп, тұрғындарды сан соқтырған, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазіргі уақытта полицияға алаяқтық әрекеттің құрбаны болған 11 азамат жүгінді.

«28 жастағы қала тұрғыны өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, оны ұйымдастыруға уәде бергені анықталды. Азаматтардың сеніміне кіргені соншалық, олар жалған әкімшіге бір миллион теңге көлемінде алдын ала төлем аударған, бірақ уәде еткен мереке болмаған», – делінген Polisia.kz хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Қазіргі уақытта басқа жәбірленушілер анықталып жатыр. Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары