1014
Бірқатар қалада оқушылар сабақты қашықтан оқиды
Еліміздің бірқатар аймағында бүгін, 16 ақпанда оқушылар мектепке бармайды.
Астана, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қаласының оқушылары аязға байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
«16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астананың білім басқармасы таратқан хабарламада.
Осындай бұйрыққа Семейдің білім ведомствосы да қол қойды. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында да екі ауысымда да оқу қашықтан оқытуға ауыстырылды.