Ұлттық тестілеу орталығының 3 қызметкері сотталды

Сондай-ақ лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Ұлттық тестілеу орталығының 3 қызметкері сотталды
ҰҚК
1098

ҰҚК Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұғу деректерін жариялады.

«Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлігімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары — С, Ж және Н-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.

Олардың әрқайсысына 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды», — делінген хабарламада.

Сотталған азаматтар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары үшін тергелген.

Серіктес жаңалықтары