Маңғыстауда мектеп асханаларына айыппұл салынды

Айыппұл салынған асханалар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында болады.

Маңғыстауда мектеп асханаларына айыппұл салынды
mel.fm
1172

Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биылғы оқу жылында мектеп асханаларына жоспардан тыс 5 тексеру жүргізген, деп хабарлады turkystan.kz.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, оқушылардың тамағына жауаптыларға 1 670 490 теңге көлемінде 4 айыппұл салынды.

Ал мектеп асханаларының өздеріне сот шешімімен 60 375 теңге айыппұл салынды.

«Прокуратураның талабы бойынша 4 асхана тексерілді. Тамақ өнімдерінің сынамалары санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін алынды. Сондай-ақ олар ата-аналардың арыз-шағымдары бойынша азық-түлік сапасына тексеру ұйымдастырды», – деді Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров.

Енді айыппұл салынған асханалар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында болады.

Серіктес жаңалықтары