998
Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
Попко қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты
Қазақстандық, әлемнің 338-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 440-орында тұрған румыниялық Габи Адриан Бойтанмен жолығып, 6:2, 6:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Дмитрий Попко финалда әлемнің 601-ракеткасы, америкалық Алекс Рыбаков немесе рейтингіде 650-сатыдағы эквадорлық Андрес Андраденің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.