13 жасар ауыр атлет ересектер арасында ел чемпионы атанды
Ол қоссайыс қорытындысында 175 келі нәтиже көрсетті
Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші күнінде ерекше оқиға тіркелді, деп жазады turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта 2010 жылғы Ксения Прозорова ересектер арасындағы өзінің алғашқы біріншілігінде қарсыластарынан оқ бойы алда болды.
Алматы облысының өкілі К.Прозорова қоссайыс қорытындысында 175 келі нәтиже (80+95) көрсетті
Ақмола облысынан келген Юлия Трошкина 155 келімен (72-83) күміс, ұлытаулық Нұрсыйла Берікбол 146 келімен (64+82) қола жүлдеге ие болды.
Ешқандай демалыссыз еңбектенудің арқасында осындай табысқа қол жеткіздім. Болашаққа деген үмітім зор. Ірі халықаралық додаларда топ жарып, әлемдік рекордтар орнатуға бар күшімді саламын, — деді К.Прозорова.