Алаяққа сенген алматылық 83 млн теңгесінен айырылып қалды
Тәртіп сақшылары алданғандардың әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды
Алаяққа сенген алматылық 83 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жәбірленуші таныс әйелге инвестицияны көбейту үшін қомақты соманы берген.
Т.есімді алаяқ әйел таныстарына ЖШС-ның бірінің атынан ірі отандық компаниялардың біріне салымдар – инвестициялар арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасап жатқанын айтты. Алайда бұл компанияға салым қажет емес болып шықты. Қазір біздің бөлімшеге осындай алаяқтық туралы арызбен 9 адам жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша, Т.есімді әйел делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, ал жәбірленушілердің бірінен 83 миллион теңгені алып алған. Күдікті ұсталды. Ол – Алматы облысының тұрғыны. Осы эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.