Ақмола облысында тұрғын үйден ер адамның денесі табылды

Өрт болған үйден 1966 жылғы ер адамның денесі табылды.

Ақмола облысында тұрғын үйден ер адамның денесі табылды
Ақмола облысы ТЖД
752

Ақмола облысының Ақкөл ауданында тұрғын үй өртеніп, 58 жастағы ер адамның денесі табылды.

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 19 ақпанда сағат 04:45 шамасында Еңбек ауылының Целинная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде болған.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сағат 06:55 өрт оқшауланып, 08:18 сөндірілді. Өрт болған үйден 1966 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда», - деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары