843
Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды
Автожоолдарды күтіп-ұстауға 685 бірлік техника және 1522 адам жұмылдырылды.
2 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«19 ақпан сағат 14.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.
Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км.
- «Алматы-Ташкент-Термез» - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км.
- «Үшарал-Достық» - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожоолдарды қысқы күтіп-ұстауға 685 бірлік техника және 1522 адам жұмылдырылды.