«156 мың теңге жалақы алдым»: Меруерт Түсіпбаева мемлекеттік жұмыстан кеткенін мәлім етті

Түсіпбаеваның айтуынша, ол жұмысынан өз қалауымен кеткен.

«156 мың теңге жалақы алдым»: Меруерт Түсіпбаева мемлекеттік жұмыстан кеткенін мәлім етті
Instagram/meruert_tusupbaeva
1295

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева 12 жыл бойы істеген ұстаздық қызметінен шығып кеткенін айтты

Түсіпбаеваның айтуынша, ол жұмысынан өз қалауымен кеткен.

«Бір айдан астам уақыттан бері шетелдемін. Мені әлеуметтік желіден көріп, үйіне, мейрамханаға шақырып жатқан бауырларыма, сіңлілеріме рахмет. Бірнеше күннен кейін Стамбұлға қонаққа шақырды. Бір апта сол жақта болып, толық тексерілуден өтемін. Денсаулық – зор байлық. Елге келген соң, көп уақыт жоспарлап жүрген авторлық курсымызды бастаймыз.

Мен 12 жыл үзбей білім берген ұстазбын. Менен дәріс аламын деген адам көп. Бірақ жоғары оқу орнында 156 мың жалақыға жұмыс істедім. Бірақ биыл АҚШ-та, Ресей мен Еуропада тұру керек болды. Сондықтан өз қалауыммен жұмыстан кеттім», - деді Меруерт Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында.

 

Серіктес жаңалықтары