Полицияның қалай жұмыс істейтінін тексергісі келген жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды

Қоңырау шалған балалар Ақтөбе қаласында екенін айтқан.

Полицияның қалай жұмыс істейтінін тексергісі келген жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды
polisia.kz
746

Жамбыл облысында полицияның қалай жұмыс істейтінін тексергісі келген жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 112 нөміріне қоңырау шалып, көмекке мұқтаж екенін хабарлаған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.

Жаңылыстыру үшін қоңырау шалған балалар Ақтөбе қаласында екенін айтқан.

«Полицейлер әңгімелесу барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін әзіл ретінде қоңырау шалғанын түсіндірді», – делінген хабарламада.

Жалған ақпарат үшін жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы (Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру, 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары