Маңғыстау облысында балалар қоқыстағы сусындарды ішіп жүр

Сусындарды Басқұдық ауылының маңына жүк көлігімен әкеліп төккен.

Маңғыстау облысында балалар қоқыстағы сусындарды ішіп жүр
Видеодан кадр
1083

Маңғыстау облысында қоқысқа төгілген мерзімі өткен сусынды балалар ішіп жүр, деп хабарлады turkystan.kz «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында белгісіз біреулер мерзімі өткен сусындарды ауыл маңына төгіп кеткен. Қоқыста жатқан сапасыз өнімдердің қызығын енді ойын балалары көріп жүр. Мұны ішкен балақайлар уланып қала ма деп қорқады тұрғындар.

Танымал брендтегі сусындарды Басқұдық ауылының маңына жүк көлігімен әкеліп төккен. 10 тоннадан астам өнім тау болып үйіліп жатыр. Оны балалар үйіне тасыса, тіпті, кейбіреуі көлігіне тиеп әкетіп жатыр.

Тұрғындардың шағымынан кейін әкімдік өкілдері қоқыс алаңындағы сапасыз тауарларды трактормен таптап аумақты тазалаған. Алайда сусындарды кімнің әкеп тастағанын әлі анықтай алмай отыр.

«Он техниканың көмегімен, жүк көлігімен көмдірдік. Оқиға орнында мерзімі өткен сусындарды төккен техникаларды әлеуметтік желі арқылы анықтадық, бірақ мемлекеттік белгісі көрінбейді. Қоқыс төккендер іздестіріліп жатыр», – деді Басқұдық ауыл округі әкімдігінің бас маманы Айбек Жангелдин.

 

Серіктес жаңалықтары