Қостанайда 7 жастағы қыз құдыққа құлап кетті

Құтқарушылар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады.

Қостанайда 7 жастағы қыз құдыққа құлап кетті
ТЖМ баспасөз қызметі. құдыққа құлаған
955

Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданында 7 жастағы қыз абайсызда жылу құдығына құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД қызметкерлері баланы құтқарып алды.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, құдықтағы судың тереңдігі 60-70 сантиметр.

«Құтқарушылар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады», – делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары