Ақтөбеде алты Ауғанстан азаматы ұсталды

Заңсыз келген шетелдіктер мен қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Ақтөбеде алты Ауғанстан азаматы ұсталды
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
820

Ақтөбеде полиция мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Ауғанстанның 6 азаматын ұстады. Олар виза мерзімі аяқталса да өз еліне кетпеген.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция және Ақтөбе облысы ҰҚКД Шекара қызметі бірігіп, жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Олар көші-қон заңнамасын бұзған Ауғанстанның алты азаматын анықтады.

- Олардың үшеуі виза мерзімінің өткеніне қарамастан елден кетпеген. Тексеру кезінде аталған шетелдіктердің елге 2023 жылдың қараша айында кіргені белгілі болды. Жеке компаниялардың шақыруы бойынша іскерлік санаттағы виза рәсімдеген. Уақыты аяқталған кезде қабылдаушы тарап оларды елден шығарып жіберуге асықпаған. Сондай-ақ шетелдіктердің өздері де Қазақстаннан өз бетінше кетпеген. Заңсыз келген шетелдіктер мен қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары