Алматыдағы балабақшада бірнеше бала өз қатарласын ұрып-соққан

Жағдай «№51 бөбекжай-бақша» балабақшасында болған.

Алматыдағы балабақшада бірнеше бала өз қатарласын ұрып-соққан
Видеодан кадр
1145

Әлеуметтік желілерде балабақшада бір топ бала бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz. 

«Біздің ұлымызды балалар аяусыз соққыға жыққан. Ұрып-соғу шамамен 5 минутқа созылды. Тәрбиеші жоқ, өз шаруасымен шығып кеткен. Баламыздың миы шайқалған, ауруханаға жаттық. Кішкентай балалардың да осындай қатыгез болғаны ма?», - деп жазады зардап шеккен баланың ата-анасы. 

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, қалалық білім басқармасы жағдай «№51 бөбекжай-бақша» балабақшасында болғанын хабарлаған.

Алынған түсіндірме хатқа сәйкес, тәрбиеші бұл уақытта балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен. Сол себепті, балалардың тәртібін қадағалай алмаған.

«Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиеші қатаң сөгіс алды. Сонымен қатар балабақша меңгерушісіне де тәртіптік жаза қолданылды», - деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасынан.

Серіктес жаңалықтары