Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды

Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды
podrobno.uz
1108

Атырауда полиция кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

26 жасар блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен.
 

«Азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген. Сондай-ақ ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.
 

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары