Танымал футбол бапкері көз жұмды

Бапкер созылмалы аурудан қайтыс болды.

Танымал футбол бапкері көз жұмды
ncrdo.ru
1112

Португалиялық бапкер Артур Жорже 78 жасында өмірден озды, деп хабарлады turkystan.kz.

BasSport.kz сайтының дерегінше, бұл туралы бапкердің отбасы мүшелеріне сілтеме жасай отырып Record басылымы мәлімдеді. Жорже созылмалы аурудан Лиссабондағы үйінде қайтыс болды.

Португалиялық бапкер Португалия, Франция, Ресей және Сауд Арабиясы чемпионаттарында жұмыс істеген. Мәскеудің ЦСКА клубымен 2004 жылы Ресей Суперкубогын иеленді.

Сонымен қатар Жорже «Порту» клубымен бірге Португалия чемпионатында топ жарып, Еуропа чемпионаттарының кубогында үздік шықты.

Серіктес жаңалықтары