БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Руслан Қасыбаев Алматы қаласында дүниеге келген.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды
БҚО ТЖД. Руслан Қасыбаев
904

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы болып  полковник Руслан Әмірзадаұлы Қасыбаев тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Ерлан Нұрпейісов департаменттің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды.

Руслан Қасыбаев Алматы қаласында дүниеге келген.

2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтаған. Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласында №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі қызметінен бастады.

Әр жылдары аға өрт сөндіруші, өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженер, бас маман, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өрт сөндіру қызметінің бастығы, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы лауазымында болған.

Серіктес жаңалықтары