Пойызда күй тартқан жас домбырашылар көпшілікті таңқалдырды

Бейнежазбаны №11 пойыздың 19 вагонының жолсеріктері ұсынды

Пойызда күй тартқан жас домбырашылар көпшілікті таңқалдырды
Видеодан алынған кадр
1203

№11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар "Turan" күйін орындап, жолаушыларды таңқалдырды, деп жазады turkystan.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 23 ақпанда 7 жас домбырашы мұғалімімен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан. 

Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, вагон жолаушыларына өнерлерін көрсетіп, оларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Серіктес жаңалықтары