1468
Балабақшада балалар жабылып ұрған бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды
Қазір оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр
Бұл жөнінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыдағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Диана Ерлан ауруханаға барып, зардап шеккен баланың жағдайын біліп қайтты. Бүлдіршін ауруханада әжесімен бірге жатыр. Денсаулық жағдайы – орташа ауыр дәрежеде екен. Қазір оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр, - деді ол.