1460
Қытайдан келген қандасымыз қарсыласын бірінші раундта жеңді
Тайлақ Нұражы кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді
Кеше «Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен NAIZA 57 турнирінде қытайдан келген қандасымыз қарсыласын 1 раундта жеңді, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Атап айтсақ, аталған турнирге Қытайдан келген қандасымыз Тайлақ Нұражы (8-1) мен Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген бразилиялық файтер Дуглас де Оливейра (14-7) өзара кім мықтыны анықтаған болатын.
Нәтижесінде үш раундқа жоспарланған жартылай орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен, Қытайдан келген қандасымыз Нұражының жеңісімен аяқталды.
Осылайша Тайлақ Нұражы кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, бұл Дуглас де Оливейра үшін кәсіпқой ММА-дағы сегізінші жеңілісі болды.