Алматыда өртенген жер үйден ер адамның денесі табылды

Өрт 68 шаршы метр аумақты шарпып, үйдің төбесі опырылып түскен

Алматыда өртенген жер үйден ер адамның денесі табылды
Ашық дереккөз
745

Алматы облысында түнгі уақытта үй өртеніп, бір адам қаза тапты, деп жазады turkystan.kz Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 25 ақпан түнгі сағат 02:49-да Райымбек ауылдық округіндегі саяжай қоғамдастығының тұрғын үйінде өрт шыққан. Өрт 68 шаршы метр аумақты шарпып, үйдің төбесі опырылып түскен.

Сағат 04:00-де өрт оқшауланып, 05:03-те сөндірілді. Барлау жұмыстары барыснда үй иесінің денесі табылды, - делінген ТЖД хабарламасында.

Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өртті сөндіруге ТЖД, полиция, жедел жәрдемнің 20 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. 

Серіктес жаңалықтары